Жамбыл жаңалықтар

Таразда 59 көп қабатты үйге қашан ыстық су берілетіні белгілі болды

Қаланың басым бөлігіне ертең, 15 мамырда бастап ыстық су қосыла бастайды

Ертең қаладағы  890 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су берілсе, қалған  59 үйге ыстық су қыркүйек айына дейін кезең-кезеңімен беріледі. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил jambylinfo.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

Қайрат Исмаилдың айтуынша, М1 магистральді жөндеу жұмыстары толық аяқталмауына байланысты қала тұрғындарын ыстық сумен 100 пайыз қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. 

Қала әкімінің сөзінше, аталған 59 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су кезең-кезеңімен берілмек.

jambylinfo.kz тілшісі қала әкімінің орынбасарынан шаһар тұрғындарының 15 пайызы жаз бойына ыстық сусыз отыруы қолайсыздық тудыратынын алға тартып, бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылатынын сұрады.

Сондай-ақ, сұхбат барысында jambylinfo.kz тілшісі Қайрат Исмаилдан қаладағы «М1 жылу жүйесі неге жыл сайын жөнделе береді, оны біржола жөндеп қоюға болмай ма?» деген сауалдарын қойды