Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарға сот шешім шығарды
Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарға сот шешім шығарды
Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарға сот шешім шығарды. Заң алдында 13 адам жауап берді. Бәрі де шартты мерзімге сотталды. Екеуіне 4 жыл, қалғандарына 3 жыл 6 айдан берілді. Олардың дені жұмыссыз. Кінәсі қаңтар оқиғасы кезінде мүліктерді қиратып, полицияға қарсылық көрсеткен. Оқдәрі мен қару-жарақ ұрлаған. Олар сотта өз істеріне өкінетіндіктерін айтқан. Сондай-ақ судья қай-қайсының да шиеттей бала-шағасының барын ескеріп, оларды сот залында босатты. Айта кетейік, бұған дейін қаңтар оқиғасына қатысқан 8 адамға сот үкімі шығып шартты мерзімге сотталған болатын.