Жамбыл жаңалықтар

Таразда «Адал ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті

Таразда «Адал ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысын қорытындылау мақсатында Тараз қаласында облыстық слет ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысы Қ.Байгебаев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары М.Нысанбаев қатысты. Іс-шара барысында Тараз қаласы №8 гимназиясы, Байзақ ауданы №4 мектеп-лицейі, Жамбыл ауданынан №6 мектеп-гимназиясы, Айша-бибі орта мектебі, Жуалы ауданы А.Байтұрсынов атындағы №13 орта мектебі, Меркі ауданы №5 Ақарал мектеп-гимназиясы, Талас ауданы мектеп-лицейі, Қордай ауданының «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының жалпы атқарылған жұмыстары таныстырылып, бейнеролик, фотослайд арқылы презентациялар жасады. Слет қорытындысы бойынша үздік атанған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.