Жамбыл жаңалықтар

Таразда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Таразда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

🔹 Таразда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Ол келтірген залал көлемі 47 млн теңгеден асады деп бағалануда. Бұл туралы Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындары Тараз полициясына жүгініп, өзін бейтаныс әйел алдағанын айтқан. Көп ұзамай жедел-тергеу тобы тұрғындарға төмен пайызбен несие алып беремін деп алып, ақшаны қалтасына басқан 34 жастағы тұрғынды анықтады. "Алынған несиелердің сомасы 500 мыңнан басталып 5 млн теңгеге дейін жалғасады. Жалпы келтірілген залал - 47 млн 80 мың теңге", - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінде. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытш ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полицейлер тұрғындардан сақ болуды сұрайды.