Жамбыл жаңалықтар

Таразда қару қолданып, дәріхана тонағандар ұсталды

Таразда қару қолданып, дәріхана тонағандар ұсталды

Еске салайық, 25 наурыз кешкісін қаладағы шағын аудандардың біріндегі дәріханаға медициналық маска таққан белгісіз екі адам басып кірген. Тапаншаға ұқсас қарумен қорқытып, кассадан 37 мың теңгені ұрлап кеткен. Полицияның жеке құрамы оларды іздеуге кірісіп, күдіктілерді ұстады. Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде полицейлер ұрыларды ізін суытпай тауып, екі күдіктіні ұстаған. Олар 17 жастағы облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта олар кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.