Таразда ашылатын су шаруашылығы университетіне ұлттық мәртебе берілетін болды
Оқу орнында шетелдік мамандар да сабақ береді
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Тараз өңірлік университетінің базасында Жамбыл облысындағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, су ресурстары және ирригация, ұлттық экономика, әділет вице-министрлері, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің басшылығы қатысты.
Қанат Бозымбаев жаңа университеттің тиісті материалдық-техникалық базасын құру, қаржыландыру және кадрлармен қамтамасыз ету туралы есепті тыңдады.
Вице-премьер қажетті ведомствоаралық рәсімдерді жеделдетуді тапсырды — университет қыркүйек айында өз есігін ашуы тиіс.