Таразда қатаң режимдегі түзеу мекемесіндегі 4 сотталған рақымшылыққа ілінді
Таразда қатаң режимдегі түзеу мекемесіндегі 4 сотталған рақымшылыққа ілінді
Жамбылда қатаң режимдегі түзеу мекемесіндегі 4 сотталған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілінді. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеушілерге қатысты рақымшылық бойынша сотқа жолданған жадығаттары Тараз қалалық сотының қаулысымен қанағаттандырылды. Сотталғандардың жеке істері мұқият қаралып, зерделенген. Айта кету керек, 30 жыл ішінде елімізде сегіз рақымшылық жасалды, оның төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылды. Руслан ҚҰРАЛБАЕВ, ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері