Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Онда облыстың 10 ауданынан келген кәсіпкерлер өнімдерін сатылымға шығарды
Бүгін Таразда дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ауқымды жәрмеңке қаладағы «Әлеуметтік базар» алаңында ұйымдастырылды.
Мұнда сөреден табылған ет және сүт өнімдері мен жеміс-жидектер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен саудаланды.
Жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек арнайы қатысып, әр аймақтан келген жергілікті тауар өндірушілерінің табиғи өнімдерін көзбен көріп, сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдалды.
Айта кетейік, жәрмеңке енді апта сайын «Әлеуметтік базар» алаңында, Жамбыл даңғылы, 18 Д мекенжайында өтеді.