Жамбыл жаңалықтар

Таразда автокөліктегі жолаушыдан тапанша табылды

Таразда автокөліктегі жолаушыдан тапанша табылды

Таразда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрғыннан тапанша тапты Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен түнгі патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған автокөлік тоқтатылған. Автокөліктегі жолаушының қалтасынан атыс қаруы көрінген. Тексеріс барысында жолаушыдан «Макаров» маркалы атыс тапаншасы тәркіленді. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Қала тұрғынының аталған тапаншаны ұстауға рұқсат құжаттары және тапаншаға арналған арнайы тағылатын қақпасы болмаған. Автокөлік иесі мен жолаушы Тараз қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оларға қатысты процесуалдық шешім қабылданады.