Таразда аязға байланысты 16-17 қаңтар күндері 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды
Таразда аязға байланысты 16-17 қаңтар күндері 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды
Таразда аязға байланысты 16-17 қаңтар күндері 1-4 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі қалалық әкімдіктің ресми инстаграм парақшасына сілтеме жасап.“Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 «Қолайсыз ауа-райы жағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы», Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бұйрықтарының негізінде және қолайсыз ауа-райы жағдайында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатына сәйкес 2023 жылдың 16-17 қаңтар күндері жалпы орта білім беретін мекемелердің мектепалды даярлық, 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режиміне ауыстырылатындығы, 5-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі форматта білім алу жалғастырылатындығы туралы хабарланады!”,-делінген жазбада.