Таразда «Бақытты отбасы — есірткісіз әлем» атты би батлы өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 желтоқсан, 2025
- 303
Тараз қаласында «Бақытты отбасы — есірткісіз әлем» атты қалалық би батлы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шара Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының Жамбыл облысы әкімдігі, «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайы, сондай-ақ «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі кеңес мүшесінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Би батлы Hip-Hop және Breakdance бағыттары бойынша жарыс форматында өтіп, бес номинацияны қамтыды. Байқауға 6 жастан 18 жасқа дейінгі шамамен 100-ге жуық бала мен жасөспірім қатысып, өздерінің жоғары шеберлігін, әртістік қабілетін және командалық рухын көрсетті.
Номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар:
Hip Hop Kids — Дабыл Аяна,
Hip Hop Junior — Иванова Дарина,
Hip Hop Open — Тельгараева Дарья,
Breakdance Kids — Яриев Тимур,
Breakdance Open — Стратула Рияд.
Жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастырып, өнер мен спорт арқылы салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге маңызды ескерту жасады
Ұқсас жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026






