Таразда бір отбасы мінген көлік шұңқырға құлап кетті
- авторjambylinfo.kz
- 17 маусым, 2024
- 1.5k
16 маусым күні сағат 17:50-де Таразда екі баласы бар отбасы мінген көлік жөндеу жүріп жатқан жолдағы шұңқырға құлап кетіп, зардап шекті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші жол ережесін елемеген.
«Төле би даңғылынан Абай даңғылы бағытындағы «Лексус RX300» маркалы автокөліктің жүргізушісі «жүруге болмайды» және «жөндеу жүріп жатыр» деген жол белгілерін елемей, магистральдық құбыр жөнделіп жатқан автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен. Полиция қызметкерлері мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.
Көлік жүргізушісі жол белгілерін елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны хабарланып отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылдық Асу Алмабаев UFC-де тағы да жеңіске жетті
Ұқсас жаңалықтар
Боран болуы мүмкін: Жамбылда дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 21 қаңтар, 2026
Жамбыл ауданында төртінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026






