Таразда бірнеше мектеп қашықтан оқуға ауысты
- авторБақытжан Бекболат
- 19 қараша, 2025
- 597
Тараз қаласында жедел респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ, ОРВИ) ауыратын балалар санының артуына байланысты бірқатар мектептер уақытша онлайн оқу форматына ауысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қала аумағындағы жалпы білім беретін мектептерде жедел респираторлық вирустық инфекциясымен (ЖРВИ, ОРВИ) ауырған балалардың үлесін ескере отырып, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2025 жылғы 18 қарашадағы №3406, 3407, 3408, 3409, 3410, 3411, 3412, 3413, 3414 қаулысының негізінде ЖРВИ таралуын болдырмау және балалардың денсаулығын қорғау мақсатында №№2, 10, 11, 18, 19, 26, 35, 52, 64 орта мектептерінде оқу процесі 2025 жылдың 19–25 қараша аралығында онлайн оқыту нысанында (қашықтан оқыту) ұйымдастырылады
Шешімнің негізі – Тараз қалалық білім бөлімінің 2025 жылғы 18 қарашадағы №1971 бұйрығы", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026
Жамбылда аса ауыр қылмыс көрсеткіші 48,3 пайызға төмендеді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026






