Таразда электромобиль қуаттайтын станциялар салынады
Бұл бойынша инвесторлар жаңа жобаны іске асыруға ниетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасын сәйкес, өткен жылы Тараз қаласында электромобильдерді қуаттайтын станциялар салу бастамасы қолға алынған. Биыл инвесторлар бұл жобаны іске асырады, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың сөзінше, тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын орындар салу жұмысы алдағы 1 айдың көлемінде басталады. Ол үшін инвесторларға тиісті жер телімі берілген. Облыс әкімі табиғаты туризмге қолайлы аймаққа дәл осындай мақсатта жұмыс атқаратын тағы қосымша инвесторлар тарту керектігін айтып, шаһар басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кету керек, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әлемде электромобиль алатын адамдардың көбеюінен Қазақстанға қандай пайда келетінін айтқан еді.
Оның айтуынша, алдағы жылдары электромобиль нарығы айтарлықтай өсуі мүмкін.