Таразда ескі үйлерді қайта жөндеуден өткізу үшін 5,8 млрд теңге қаражат бөлінген
Бұл қаражатқа бас-аяғы 53 үйді жөндеуден өткізу көзделіп отыр
Облыс орталығы Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге республикалвқ бюджеттен 5 млрд 86 млн қаражат бөлінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Аталған қаржыны игеру мақсатында 53 үйді жөндеу көзделіп отыр.
Сондай-ақ, Тараз қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» аясында 2011 жылдан бері осы уақытқа дейін жалпы саны 484 көпқабатты тұрғын үй күрделі және ағымдағы жөндеуден өткен.
Айта кетейік, бүгінгі күні шаһарда 619 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мәселеге қатысты қойған сұрағымызға жауап берген Қайрт Исмаил басымдық кезектен тыс жөндеуді қажет ететін үйлерге беріледі дейді.