Жамбыл жаңалықтар

Таразда граната жұмысшының қолында жарылып кетті

Таразда граната жұмысшының қолында жарылып кетті

Тараз қаласында қалпына келтіру жұмысы барысында жұмысшы граната тауып алып, оны қолына ұстаған кезде жарылып кеткен 2022 жылғы 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік барысында Жамбыл облысы полиция 4 ғимараты зақымдалды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы басталмас бұрын мердігерлермен және осы ұйымдардың жұмысшыларымен объектілерде кезекшілік ететін полицейлерге қару, оқ-дәрі немесе арнайы құралдар табылған кезде хабарлау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген. «Алайда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымның жалдамалы жұмысшысы Тараз қалалық полиция басқармасының ғимаратында жарық-шулы гранатаны тауып алып, ескертулер мен талаптарды орындамай, қауіпсіздік техникасының ережелерін елемей, өз қызығушылығымен қолына ұстаған»,-делінген ведомство хабарламасында. Осылайша, жарық-шулы гранатасы жұмысшының қолында жарылып, бірнеше саусағын жұлып алған. Осыдан кейін ол шұғыл түрде Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.