Таразда ХҚКО жүйесінің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Тараз қаласында «Мемлекеттік қызметтердің сапасы: 20 жылдық эволюция және жаңа көкжиектер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шара қазіргі заманауи Халыққа қызмет көрсету орталықтары жүйесінің қалыптасқанына 20 жыл толуына және Қазақстандағы сервистік мемлекеттің дамуына арналды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның ұйымдастырушылары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті және Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы болды.. Конференцияға Қазақстанның мемлекеттік органдардың өкілдері, Әзербайжан, Грузия және Оңтүстік Кореядан келген шетелдік сарапшылар, сондай-ақ «ҰАТ» АҚ, «БЖЗҚ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, Тараз университетінің өкілдері мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара халыққа қызмет көрсету орталықтарының жиырма жылдық даму қорытындыларын талқылауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ цифрландырудың жаңа бағыттары мен сервистік мемлекетті жетілдіру мәселелерін қарастыруға арналған маңызды алаңға айналды.
Сондай ақ, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры Мұхтар Қазбекұлы Байжұманов өз сөзінде
Еске сала кетейік, 2024 жылы Мемлекеттік корпорация М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен бірлесіп «Мемлекеттік қызметтерді басқару» атты жаңа мамандықты іске қосты.
Конференция аясында делегация Әулиеата ауданының №2 ХҚК бөліміне - «NEW CON» барып, онда қатысушылар заманауи қызмет көрсету формаларымен, цифрлық шешімдермен және қызмет алушылардың қызмет алу маршрутымен танысты.
Шетелдік мемлекеттердің өкілдері мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы Қазақстан тәжірибесін жоғары бағалап, мұндай шешімдер азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен қолайлылығын арттырып қана қоймай, басқа елдерде де осындай тәжірибелерді енгізуге үлгі бола алатынын атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар 20 жыл ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жүйесі ауқымды трансформация жолынан өтіп, сервистік мемлекеттің негізгі элементіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ, қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға, заманауи цифрлық технологияларды енгізуге, клиенттік сервисті жетілдіруге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Бұл жаңа бастамалар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңаша серпінде дамуына мүмкіндік берері анық.