Жамбыл жаңалықтар

Таразда «Кітап сыйла» акциясы өтті

Таразда «Кітап сыйла» акциясы өтті

Бүгін «JASTAR» қабілет орталығында «Кітап сыйла» атты жастар ұйымдарының кітап тарту ету акциясы өтті. Жастар ұйымдарының белсенділігі мен олардың кітап оқуына қызығушылығын арттырып, жастардың өзара кітап алмасуы арқылы достық қаситетін арттыру, кітап оқу арқылы жастардың рухани жан дүниесін байытуды, «JASTAR» қабілет орталығындағы кітап қорын арттыруды мақсат еткен шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа алғы сөзбен ашып, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды. Басқарма басшысы алдағы уақытта мұндай кітап сыйлау акциясының жалғасатынын, басқа да кітап көрмелерінің ұйымдастырылатынын атап өтті.  width=Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен акция барысында түрлі кітаптар табысталып, жастар ұйымдарының тарапынан алғы сөздер мен ізгі тілектер айтылды.

Аталған шарада «Жібек жолы» еріктілер ұйымы, «Қазақстан студенттер альянсы», «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі, «Жас сарбаз» ұйымы, «SK group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы, «Жас отан» жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы сынды ұйымдар кітаптар тарту етті. Олардың ішінде Абай Құнанбайұлының қара сөздері, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағы, мотивациялық кітаптар бар.

 

Айжан Өзбекова