Таразда «Kitap Time» оқырман клубы ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 ақпан, 2025
- 320

Биыл облыс әкімі Ербол Қарашөкевтің бастамасымен Әулие ата кітап оқитын өңір акциясы болып жариялануына орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы рухани құндылықтар тамырын жас жеткіншек санасына жеткізу мақсатында «Kitap Time» оқырман клубын ашты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы клубқа өлкеміздің майталмандары, қоғам белсенділері, кітап авторлары сонымен қатар жастар қосылды.
«Kitap Time» оқырман клубының ашылуы жанды музейден және көлеңкелі көріністен басталды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері көркем шығармалардағы кейіпкерлерді сомдады. Қазақстан журналистер одағының мүшелері, қоғам белсенділері өз шығармаларынан үзінді эллегия оқып, арнауларын көрермен назарына ұсынды. Шара барысында Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған «Қазақ жазуының тарихы» атты көрме ұйымдастырылды.