Таразда Конституция күніне арналған «Айбарлы, асқар, елді асқақтатар Ата Заң» атты дөңгелек үстел өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 29 тамыз, 2024
- 718
Конституция күніне орай еліміздің басты құжатын құрметтеу мақсатында зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дөңгелек үстелге Ақын, сазгер, Байзақ ауданының құрметті азаматы Қасқырбай Нарбатыров, Шу ауданының құрметті азаматы, ақын Сәт Мәлібеков, «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, жазушы Марат Құлибаев, «Жекпе – жек» кәсіпқой спорт клубының заңгері Зейнел-Нәби Сұлтанбаев және «Жамбыл облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны Қасқырбай Нарбатыров конституция күнімен құттықтап, жиынды ашып берді. Ары қарай Сәт Мәлібеков «Ата Заң» өлеңінің оқыды. Марат Құлибаев Қазақстан Республикасы Конституциясы, оның құрылымы, бөлімдері мен баптары туралы ақпарат берсе, Зейнел-Нәби Сұлтанбаев конституцияның спорт, дене шынықтыру жөніндегі тармақтарына тоқталып, Нарша Қашағанұлының «Ана тілі» өлеңін оқып берді. «Ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының ғылыми қызметкері Нагашбекова Сания Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы баптарын түсіндірді.
Іс-шара барысында викториналық ойын, сұрақтары да қойылды. Кеш соңы мекеменің ғылыми қызметкері, айтыскер ақын Дидар Апбасов «Ата Заңды сақтау керек күшінде» атты өлеңімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024