Таразда мүгедектігі бар адамдарға арналған «инватакси» көліктерінің саны артты
Таразда мүгедектігі бар адамдарға арналған «инватакси» көліктерінің саны артты
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мамыр бағындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығында болып, «Шапағат» корпортивті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған «инватакси» автокөліктерін табыстау рәсіміне қатысты.
Тараз қаласында «Инватакси» қызметі 2016 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды 6 көлік тасымалдаса, енді олардың қатары тағы 2 көлікпен толықты. Инватакси жолаушыларды баратын жеріне дейін тегін тасымалдайтын болады.
Облыс әкімі алдағы уақытта да ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары жалғасатынын айтты.
Ерекше қажеттілігі бар жандардытасымалдауға арналған «JAC Sunray» маркалы көлігінің ішінде арбаларға арналған300 келіге дейін салмаққа есептелген арнайыкөтергіш орнатылған. 6 жолаушы орны және екі арбаға арналған орын бар.
Салтанатты шарада «АСАР» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Руслан Төлегенов сөз алып, алғысын білдірді.
Сонымен бірге, орталықта қызмет алушылардың ата-аналары да қуаныштарынжасырмады.
Мұнан соң облыс әкімі оңалту орталығына қарастығимарат пен спорт алаңын, тірек-қимыл аппараты және сал ауруына шалдыққан адамдарды атқа мінгізіп емдеуге арналған нысанның құрылысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.