сәрсенбі, 4 наурыз, 2026 17:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «МАМА» атты ерекше кино-концерттің премьерасы өтті

Таразда «МАМА» атты ерекше кино-концерттің премьерасы өтті
Фото - ашық дереккөз
Шараны Әл-Фараби атындағы Байзақ аудандық мәдениет үйі ұсынды.

3 наурыз күні «Баласағұн» орталық концерт залы сахнасында «МАМА» атты ерекше форматтағы кино-концерттің премьерасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«МАМА» – бұл жай ғана концерт емес, анаға деген құрмет пен тағзымға арналған сахналық туынды. Кино мен музыканы үндестірген қойылым төрт бөлімнен тұрды: «Құрақ көрпе», «Ананы жылатпа», «Ана үйі» және «Жаса, Ана». Әр бөлімде ана махаббаты, тағдыр, мейірім, кешірім мен алғыс тақырыптары терең көркемдік шешім арқылы жеткізілді.

Көрермен назарына ана мен бала арасындағы кіршіксіз сезім, өмір жолындағы таңдаулар, адамгершілік пен жауапкершілік мәселелері ұсынылды. Бағдарлама барысында белгілі шығармалар орындалып, мазмұнды бейнепролог пен сахналық қойылымдар арқылы тұтас көркем желі қалыптасты.

Аталған кеш ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, отбасы институтының маңызын арттыруға бағытталған тағылымды рухани шара болды. Айта кетейік, премьера кешіне кіру тегін ұйымдастырылды.

Кешке қатысқан облыс тұрғындары мен қала қонақтары әсерлі қойылымнан ерекше көңіл-күй алды. Жалпы сахнада Байзақ ауданының 40-қа жуық өнерпазы өнер көрсетті.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар