жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Мен өмірді таңдаймын!» атты іс-шара өтті

Таразда «Мен өмірді таңдаймын!» атты іс-шара өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу

«10 қыркүйек – Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күні» аясында іс-шара өткізілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастықтың қолдауымен 10 қыркүйек – Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күні болып бекітілген. 2003 жылдан бастап бұл күн жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтуде. Аталған күннің басты мақсаты – қоғам назарын суицидтік мінез-құлықтың өзектілігіне аудару, алдын алу шараларын күшейту және халықтың психологиялық денсаулығына көңіл бөлу.

Осы атаулы күнге орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №59 мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологтары – Ж.А. Халыков пен Ж.О. Аленова қатысып, сотталғандар арасында дәріс оқып, психологиялық тренингтер мен жаттығулар жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке тұлғалық дамуға жағдай жасау және өмірге оң көзқарас қалыптастыру болып табылады.

Іс-шара соңында қатысушылармен пікір алмасу және талқылау ұйымдастырылып, тиісті ұсынымдар берілді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар