Жамбыл жаңалықтар
Таразда металлургия зауытында өрт шықты (ВИДЕО)
- авторjambylinfo.kz
- 21 маусым, 2024
- 984
Зауыттағы трансформатордан жалын тараған
Бүгін түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатордан өрт шықты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Трансформатордың ішінде 60 тонна май болғандықтан, жағдай қиындаған. Дегенмен, өрт сөндірушілер жалынды түгез ауыздықтаған.
«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жалын жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына таралған жоқ. Өрт аумағы 80 шаршы метр аумақты алды», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Байзақ ауданы сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025





