бейсенбі, 14 қараша, 2024 8:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Мыңбұлақ» базарын сүріп жатыр

Таразда «Мыңбұлақ» базарын сүріп жатыр
ашық дереккөзі
Таразда «Мыңбұлақ» базарын сүріп жатыр
Тараз қаласында заңсыз соғылған «Мыңбұлақ» базарын сүру жұмыстары басталды. Аталмыш нысан иесі 2018 жылы жер телімін заңсыз алған және құрылыс жұмыстарын жүргізуге де рұқсат берілмеген. Алайда, мұнда 32 сауда павильоны салынып, саудагерлерге сатылған. Сондай-ақ, сауда орнының иесі кәсіпкерлермен келісімшартқа тұрмаған. Айта кетейік, 2018 жылы аталған павильондарды сүру туралы Тараз қалалық сотының шешімі шыққан. Сауда орнының иесі сүру жұмыстарын жүргізуден бас тартқандықтан, іс 2020 жылы Тараз қалалық әкімдігіне жүктеледі. «2020 жылдың тамыз айынан бастап осы күнге дейін саудагерлерге 4 рет ескерту хабарламалары таратылды. Бірақ, әр жолы саудагерлер түрлі себептермен қарсылық білдіріп келген. 2021 жылдың шілдесінде жаңа оқу жылының алдында сауда-саттық жасап алуға рұқсат сұрап, қыркүйектің 6-нан бастап сүру жұмыстарына келісім беретіндігі туралы қолхат жазған болатын. 2021 жылдың 6-шы қыркүйегі күні сүру жұмыстары басталды. Барлық саудагерлерге «Айрылмас», «Гранд базар», «Ауыл береке», «Жібек жолы» базарларынан сауда орындары 2 ай мерзіммен тегін ұсынылды»,-делінген Тараз қаласы әкімдігінің хабарламасында. Айта кету керек, аталмыш базардағы бей-берекет саудаға қатысты халық тарапынан шағым өте көп. Өрт қауіпсіздігі мен санитарлық талаптар сақталмаған базардың сүрілуіне қатысты аталмыш аудан тұрғындары да оң пікір білдіруде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар