Таразда құны бір миллион теңгеден асатын электронды темекі тәркіленді
Бұл 113 электрондық вейп
Таразда "Қарасора-2024" іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын "Smoking shop" жерасты дүкені анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құзырлы органның дерегіне сүйенсек, 8000 рет ішке тартатын "Waka" маркалы электронды темекінің 1 данасының бағасы 10000 теңгеден сатылады. Тінту барысында мұндай 113 электрондық вейп табылып, тәркіленген.
45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.