Таразда оңалту және бейімдеу орталығы салынуда
Таразда оңалту және бейімдеу орталығы салынуда
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын кезекті рет аралап, жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Облыс орталығының 14-шағын ауданы аумағында 150 орындық мүгедектегі бар адамдарды оңалту және бейімдеу орталығы салынуда. Ғимарат бес блоктан тұрады: А блогында бассейн, киім ауыстыратын бөлмелер, спорт және акт зал, В блогында – медициналық кабинеттер, С блогында – асхана, Г және Д блоктарында – екі және бір орынды палаталар. Мұнда көкөніс қоймасы, жылыжай, слесарь шеберханасы және басқа да цехтар салынбақ. Мердігер – «Таразстрой-2004» мекемесі құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтауды жоспарлауда.
Сондай-ақ, облыс орталығында жеке демеушілер есебінен Оқушылар сарайы бой көтеруде. 600 орындық ғимарат Тараз қаласындағы мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы ғимаратының жанынан салынуда. Жаңа нысанның жалпы ауданы 9,3 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Жұмыс істеп тұрған 92 үйірмеден басқа, кеме және авиамодельдеу, робототехника, IT - орталық, планетарий, обсерватория үйірмелері ашылатын болады.
Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға құрылыс барысын бақылауда ұстауды тапсырды.