Таразда Президент шыршасы өтті
Таразда Президент шыршасы өтті
Тараз қаласы "Баласағұн" орталық концерт залында “Қош келдің, Жаңа жыл!” атты ҚР Президентінің шыршасы өтті. Оған барлығы 200 бала қатысты (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан және ерекше білім беруді қажет ететін). Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізген Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, оқуда үздік, озат болуды тіледі. Мерекелік кеште ән-биден шашу шашылып, түрлі кейіпкерлердің қатысуымен қойылымдар қойылып, ойындар ойнатылды. ҚР Президентінің атынан балаларға жаңа жылдық сыйлықтар – тәттілер мен қаржылай сертификаттар (100 мың теңгеден) табысталды. Сондай-ақ, балалар тарих орындарға саяхаттап, А. Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының қойылымын тамашалады.