Таразда «Өрелі сөзді өрнектеген» атты дөңгелек үстел өтті
Жиын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақұлбек Рысдаулеттің туғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылды
Таразда «Өрелі сөзді өрнектеген» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастырған шараға филология ғылымдарының докторы,профессор Самен Құлбарақ және Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамарова шақырылған.
Шара барысында Самен Құлбарақтың «Бақатерек» брайль қаріпіндегі кітабының тұсаукесері өтті.
Жиында оқушылар келген қонақтарға сұрақтарын қойып, көпті көрген қаламгерден өнеге алды. Сонымен қатар, жазушының кітаптары және мақалаларымен танысты.