Жамбыл жаңалықтар

Таразда құрылыс қоймасынан шыққан өрт сөндірілді

The final spritzer

Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Тараз қаласында Санырақ батыр көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінің маңындағы құрылыс қоймасынан өрт шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтады.

Өрт 320 шаршы метр аумақты қамтыған. Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.