дүйсенбі, 18 қараша, 2024 3:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда құрылыс заттарын пайдаланып, қылмысқа барғандардың ісі әшкере болды

Таразда құрылыс заттарын пайдаланып, қылмысқа барғандардың ісі әшкере болды
ашық дереккөзі
Таразда құрылыс заттарын пайдаланып, қылмысқа барғандардың ісі әшкере болды
Таразда құрылыс заттарын пайдаланып, қылмысқа барғандардың ісі әшкере болды. Оқиға өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ерекше режимдегі №59 түзеу мекемесінде орын алған. Жабық мекеме аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерліктің біріне құрылыс материалдарын кіргіземіз деген сылтаумен заңға қайшы әрекет жасағандардың ойы жүзеге асқан жоқ. Жедел ақпарат негізінде әрекет еткен мекеме қызметкерлері бақылау-өткізу бекетінде «Мерседес Спринтер» автокөлігін тексеру кезінде ондағы фанер тақталарының ішіне жасырылған тыйым салынған заттардың барын анықтады. Атап айтқанда, құрылысқа қажетті материалдың ішінен 26 дана ұялы телефон табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар