Жамбыл жаңалықтар

Таразда үш күнге электр қуаты өшеді

Қалада 27-29 мамыр аралығында кейбір аудандарда тоқ болмайды

Тараз қалалық электр желілері жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар аудандарда электр қуаты өшетінін хабарлады. Қаланың бірқатар аудандары таңғы сағат 09:00-17:00 аралығында электр қуаты болмайды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

27 мамыр күні Құлжабаев, Лысенко, Пирогов, Шасаидов көшелерінде, 28 мамыр күні Сүлейменов, Баласұғын, Чехов, Ұлбике ақын, Бөлтірік шешен сияқты көшелерде жарық болмайды.