Жамбыл жаңалықтар

Таразда үшем дүниеге келді

Ата-анасы оларға Сайдали, Бейбарыс, Милат деген ерекше есім қойған

4 сәуір күні Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны Саида Абитова дүниеге үшем әкелді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
 

Салмағы 1580 грамм және 1566 грамм болып туған екі ұл мен 1830 грамм салмақпен туған  қыз баланың денсаулықтары қазір жақсы.
 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, туа сала сәбилер үшін қарқынды терапия тағайындалып, нәрестелер неонатология бөлімінде анасымен бірге жатқан.

Облыстық перинаталдық орталық мамандары хабарлағандай, 20 күнге жуық перзентханада жатқан үшем мен анасы бүгін үйлеріне шыққан.