Таразда шенеуніктер спорт секциясындағы кезекті заңсыз тоқтатқан

Бұл деректі прокурорлар әшекереледі
Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы спорт басқармасының балалардың спорт секцияларына қол жеткізуде құқықтарын сақтау мәселесі бойынша қызметіне талдау жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қалалық прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес, «Damu bala»платформасында заңсыз тоқтатылған кезек қалпына келтіріліп, 4560 кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалған.