Жамбыл жаңалықтар
Таразда сот шешімімен 15 нысанның жұмысы тоқтатылды
- авторjambylinfo.kz
- 13 тамыз, 2021
- 154
Таразда сот шешімімен 15 нысанның жұмысы тоқтатылды
Таразда сот шешімімен 15 нысанның жұмысы тоқтатылды.
Тараз қаласында 15 нысан өз қызметін тоқтатқан, олар – «Salvador», «Mfachiоn», «GQ», «Koala» кафесі, «Марко Поло» кафесі, «Tropkana» кафесі, «Disco-80-90» кафесі, «Toy duman» мейрамханасы, «Гаугартас» мейрамханасы, «Golden Hall» мейрамханасы, «Park Palace» кафесі, «Самурай» ойын клубы, «Севинч» мейрамханасы. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев айтып берді. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, облыс қызыл аймақта. Ауруханалардың төсек-орынмен қамтылуs 63%. Бүгінгі таңда 2 259 науқас ауруханада емделіп жатыр. 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясына қатысты 9 630 жағдай тіркелген, соңғы тәулікте аурудың 135 жаңа жағдайы анықталған Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қала мен аудандарында байқалады.
«Ауруды жұқтырудың негізгі ықтимал орындары, ол отбасы мүшелерінің базар, сауда объектілеріне баруы, қоғамдық көлікті жиі пайдалану және отбасылық іс-шаралар. Жамбыл облысында карантин кезеңінде жұмыс істейтін нысандардың санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін 38 мониторинг тобы құрылған», - деді Бағлан Қыдырбаев.
Спикердің айтуынша, мониторинг топтарының құрамына жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірдегі филиалы мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді. Жыл басынан бері мониторинг топтарының мүшелері карантин талаптарды бұзған 836 нысанды анықтап, олардың басшылығына түсіндіру жұмысын жүргізіп, ескерту берген.
«Тексеру материалдары мен мониторинг топтарының санитарлық-эпидемиологиялық қызметке берген материалдар негізінде 835 миллион теңгеден астам сомаға 705 айыппұл салынды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында 71 кәсіпкерлік объектілерінде карантин шарасын қасақана бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша жалпы сомасы 59 миллион теңгеден асатын айыппұл салумен 262 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - Б. Қыдырбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала