Жамбыл жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 13:24
- 84
Шараның мақсаты – сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларді толғандырған құқықтық мәселелер бойынша нақты түсіндірме беру.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға арналған құқықтық көмек көрсету іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барысында сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық бағытта кеңестер ұсынылды. Заңгер Құрманғазы Далибаев қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама аясында практикалық көмек көрсетті.
Кездесу ашық әрі еркін форматта ұйымдастырылып, жазасын өтеушілер өз мәселелерін еркін жеткізуге мүмкіндік алды. Әрбір сауал жан-жақты қаралып, заң талаптарына сәйкес түсіндірілді.
Аталған құқықтық көмек көрсету шаралары сотталғандардың құқықтық білімін арттыруға және олардың заңмен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.





