Жамбыл жаңалықтар

Таразда сотталғандарға "Арт-терапия" жүргізілді

Іс-шара барысында түрмедегі азаматтарға интерпретация берілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 58 мекеме психологтары сотталған азаматтармен "Арт-терапия" топтық түрінде жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған іс-шараның басты мақсаты сотталғаның өзін-өзі тану, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қорқыныш пен үрейден арылу, мазасыздану мен агрессия көрсеткішін төмендету, психоэмоционалдық жағдайын жақсарту және әсер ету болып табылады.

 Жүргізілген іс-шара барысында сотталғандар өз жанұя мүшелерін қағаз бетіне түрлі түсті бояулармен әр түрлі гүлдерге баламалап бейнеледі.

Өткізілген әдістемеден кейін сотталған азаматтарға салған суретіне қарай интерпретация берілді. Сотталғандар кері байланыс жасап, өз ойларымен бөлісіп, жағымды әсер алғандарын айтты.