Таразда сотталғандар отбасымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті
Таразда сотталғандар отбасымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті
Таразда сотталғандар отбасымен бейнебайланыс арқылы сөйлесті. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер туған-туыстарымен бейнебайланыс арқылы тілдесіп, амандығын білді. Осылайша, олар жақындарының жағдайын білуге мүмкіндік алды. Бұл жолы онлайн байланысқа шыққан қос әйел ҚР ҚК-нің 216 және 188 баптарына сәйкес кінәлі деп танылған. Алғашқысы 2 жылға бас бостандығынан айырылса, кейінгісі 3 жыл мерзімге түзеу мекемесіне тоғытылған. Айта кетейік, жалпы жабық мекемелерде азаматтардың қоғаммен байланысының үзілмеуіне әрі олардың жанұясымен қарым-қатынасының берік болуына ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, түзелу жолына түсудің бірден-бір жолы осы.