жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 17:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда су жаңа 31 автобус халық игілігіне берілді

Таразда су жаңа 31 автобус халық игілігіне берілді
Сурет: jambylinfo.kz
Тараз қаласында қоғамдық көлікке қатысты мәселе біртіндеп шешіліп келеді.  Бүгін қалада 31 автобус пайдалануға берілді. Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, автобус кілттерін салтанатты түрде табыстады, деп жазады jambylinfo.kz.

Шаһар басшысы Бақытжан Орынбековтың айтуынша, 31 автобус 1 миллиард теңгеге сатып алынған. Әр автобустың бағасы 35-40 миллион теңге.

«Автобусный парк-2020» ЖШС тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Бұл автобустардың 12-сі «Саяхат-99» ЖШС-і қызмет көрсететін №34 маршруттағы ескірген автобустарды алмастырса, қалған 19 бірлігі  тасымалдаушы мекеме қызмет көрсететін бағыттардағы  кесте санын арттыруға және №54-ші маршруттағы автобустарды алмастыруға берілетін болады», - деді әкім.  


Сонымен қатар, қала басшысы тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленгенін және соған сәйкес, биыл қалаға 70 бірлік автобус жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар