Жамбыл жаңалықтар

Таразда құтқарушылар тұрғын үйден жылан алып шықты

The final spritzer

Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Тараз қаласындағы Бостандық көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде жылан көрген тұрғындар бірден 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқарушылардан көмек сұраған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға орнына жедел жеткен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы құрал-жабдықтарды қолданып, рептилияны қауіпсіз түрде ұстап алды.

Жыланның түрі анықталмағанымен, тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін екені ескеріліп, ол елді мекеннен алыс табиғи ортаға апарылып, сол жерге жіберілді. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.