Таразда түрме басшылығы жазасын өтеген азаматты ерекше шығарып салды
- авторМағжан Орынбасар
- 10 желтоқсан, 2024
- 508
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД 58 мекемесінен сотталған азаматтың ҚР 72- бабына сай шартты түріне ауысуына байланысты "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік- құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.
Сотталғандармен босатылатын күні де қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде ,оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып , мекемеге Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдiгi орталығының Тараз қаласы бойынша Мансап орталығынан, Жамбыл облыстық полиция департаментінен қызметкерлер шакыртылды. "Қақпа алдында кездесу " iс-шарасы кезінде оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерiн, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тiркелу, жұмыспен қамту , денсаулық сақтау орындарында есепке қоя және т.б. тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді. Бостандыққа шыққан сотталғандарды қақпа алдында ұзақ уакыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген туысқандары асыға күтіп алды.
Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынды
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024