«Сұмдық»: Таразда түрмеден шыққан ер адам үйімен қоса әйелін өртеп, артынша өзіне қол салған
Қайғылы оқиға кеше түнде болған
Таразда түрмеден шыққан 54 жастағы ер адам әйелімен жанжал үстінде үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Күні кеше, яғни 30 шілде күні Тараз қаласында түнгі 23:00 шамасында «Шалғай Қарасу» мөлтекауданы, Наркескен көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің 100 шаршы метрі өртенді.
ТЖД мәліметінше, аталған аумақта өрт сөндіру қызметінің 15 адам және 4 техникасының күшімен өрт 23:32-де сөндірілген. Тілсіз жау тиген орыннан 1 газ баллоны шығарылған.
Сөйтсе, абақтыдан жазасын өтеп шыққан 54 жастағы ер адам әйелі арасындағы жанжал кезінде үйін өртеп жіберген. Салдарынан жағдайы ауыр күйінде аурухана жеткізілген жары көп өтпей жан тапсырған.
Ал, күдікті оқиға орнына жақын жерде өлі күйінде табылған. Полиция департаментінің дерегінше, өлімге себеп - суицид болып отыр.