Таразда Тәуелсіздік күні қарсаңында қатаң режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері марапатталды
Таразда Тәуелсіздік күні қарсаңында қатаң режимдегі түзеу мекемесінің қызметкерлері марапатталды
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 30 жыл, айтулы дата. Осы жыл аралығында елімізде елеулі өзгерістер орын алды. Экономикамыз өркендеп, мемлекетіміз алға дамып келеді. Жамбыл өңірінде де сан түрлі зәулім ғимараттар саны артып, көркеюде. Мерейі үстем мереке қарсаңында, облыстық ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен ауқымды іс-шара өткізілді. Салтанатты шараға департамент басшылығы мен жеке құрамы, мекеме қызметкерлері сондай-ақ ішкі істер органдары ардагерлері қатысты. Мейрамға арналған жиынның шымылдығын департамент бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев ашып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады. Салтанатты жиында өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің бірқатар қызметкерлері лайықты марапатына қол жеткізді. Атап айтқанда, өз міндеттерін үлгілі орындап, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытқан 3 қызметкерге грамота, 2 қызметкерге алғыс хат табыс етілді. Сонымен қатар, 2 жас қызметкер алғашқы арнаулы «әділет лейтенанты» атағына ие болды. Бұдан бөлек, 1 қызметкер 55/13 әскери бөлімі басшысының алғыс хатын иемденді. Салтанатты жиын соңы өнерлі ҚАЖ қызметкерлерінің мерекелік концертімен жалғасты. Әлжан Алтынбек, ЖД-158/4 мекемесінің қызметкері