Жамбыл жаңалықтар
Таразда түзеу мекемесі маңынан тыйым салынған заттар табылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2021
- 229
Таразда түзеу мекемесі маңынан тыйым салынған заттар табылды
Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекеме қызметкерлері жоспардан тыс жүргізген тінту жұмыстары нәтижесінде сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттар табылды. Атап айтқанда, 2 ұялы телефон, 6 зарядтағыш және 15 USB құрылғысы табылды.
Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Айта кетейік, тыйым салынған заттардың басым көпшілігі сотталғандардың туған-туыстарының “көмегімен” ішке енеді. Яғни, тыйым салынған заттарды жақындарына “жақсылық” жасауды көздейтін жазасын өтеушілердің туыстары мекеменің сыртқы қоршауынан лақтыру фактілері азаймай тұр. Алайда, түрме тәртібін бұзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын ұмытпаған жөн!
Жасұлан Құрманалиев,
ЖД-158/4 мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жазасын өтеушілерге психологиялық дәріс оқылды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024