Таразда түзеу мекемесі маңынан тыйым салынған заттар табылды
Таразда түзеу мекемесі маңынан тыйым салынған заттар табылды
Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекеме қызметкерлері жоспардан тыс жүргізген тінту жұмыстары нәтижесінде сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттар табылды. Атап айтқанда, 2 ұялы телефон, 6 зарядтағыш және 15 USB құрылғысы табылды. Қазіргі таңда орын алған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Айта кетейік, тыйым салынған заттардың басым көпшілігі сотталғандардың туған-туыстарының “көмегімен” ішке енеді. Яғни, тыйым салынған заттарды жақындарына “жақсылық” жасауды көздейтін жазасын өтеушілердің туыстары мекеменің сыртқы қоршауынан лақтыру фактілері азаймай тұр. Алайда, түрме тәртібін бұзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын ұмытпаған жөн! Жасұлан Құрманалиев, ЖД-158/4 мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі