Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған зат кіргізбек болған
Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған зат кіргізбек болған
Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері тарапынан жазасын өтеушілердің туыстары мен тұрғындарға түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды өтуге талпынғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілсе де, олардың түрлі қитұрқы әрекеті толастамай тұр. Жуырда қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 түзеу мекемесінде дәл осындай заңға қайшы оқиға орын алып, байланыс құралын мекеме аумағына алып кіруге ұмтылған азамат ұсталды. Сотталғандарға азық-түлік тасымалдайтын «Еңбек Тараз» мекемесіне тиесілі көлікті тізгіндеген бұл азаматтың заңсыз әрекеті бақылау-өткізу пунктінде анықталған. Қырағы ҚАЖ қызметкерлері көлікті тексеру барысында оның ішінде пластмасса қорабына жасырылған күдікті затты байқайды. Кейінірек белгілі болғандай, онда 10 ұялы телефон мен USB сымдары бар екендігі анықталды. Бүгінгі таңда заңды бұзған азаматты жауапкершілікке тарту үшін шаралар қолға алынды. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі