Жамбыл жаңалықтар

Таразда тағы қару табылды

Таразда тағы қару табылды

Таразда тағы қару табылды. 11 қазан күні  түнгі 22:50 минуттар шамасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бағынысты №58 мекемесінің  қызметкерлері жедел ақпарат негізінде іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде Тараз қаласы Сүлейменов көшесінің соңындағы қоқыс алаңынан  1 дана 16 –шы калибрлі мылтық, 6 дана 12 калибрлі оқ-дәрі,  60 дана  5.45мм. оқ-дәрі мен 1 "Старжник-3" өрт сөндіргішін тапты. Бұл факті бойынша  Тараз қаласы ІІБ-мен жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде.