Таразда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының маңызы" атты жастармен кездесу өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 1 қазан, 2025
- 348
Бүгін Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастырумен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының маңызы атты кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттау және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақыру болды. Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығы жыл басынан бері 200-ден астам тазалық акциясын өткізгені жайлы мәлімдеді.
Кездесу барысында Жамбыл облысы “Байтақ” партиясының атқарушы хатшысы Мурзахметов Ықтияр Бақтиярұлы жастарға елімізде жүргізіліп жатқан экологиялық саясат, табиғатты қорғау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен “Таза Қазақстан” акциясының ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, орман-тоғайларды қорғау, су көздерін ластамау және аула мен көшелерді таза ұстау секілді нақты мысалдар келтірілді.
Жастар өз кезегінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосу, табиғатты аялау және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысу бойынша ұсыныстарын айтты. Кездесу соңында қатысушылар “Таза Қазақстан – ортақ міндетіміз!” деген ұранды қолдап, болашақта осындай игі бастамаларды жалғастыруға ниет білдірді.






