жұма, 25 шілде, 2025 5:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда теміржол үстінен өтетін көпір құрылысы келесі жылы аяқталады

Таразда теміржол үстінен өтетін көпір құрылысы келесі жылы аяқталады
Фото - ашық дереккөз
Құрылыс жобасының жалпы құны 16 миллиард 546 миллион теңгені құрайды

Көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру мен көлік жолдарындағы жүктемені азайту мақсатында Абай даңғылының бойындағы темір жол үсті арқылы өтетін жол өткелінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жол үстіндегі жүктеме жаяу жүргіншінің де, көлік жүргізушілерінің де көптен бері қаузап жүрген мәселесі. Былтыр шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков көпір салу мәселесі қаралып, жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік ұсыным ұсынылғанын айтқан. Биыл аталған жобаның іргетасы қаланып, құрылыс аймағындағы жеке тұрғын үйлер мен кәсіпорын иелерімен келіссөз жасалып, сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы Айбек Жапарқұловтың айтуынша, жоспар бойынша 56 нысанды сүру көзделіп, оның ішінде 43 меншік иесі келісім берген. Ал 13 үй иесімен келіссіз жүргізіліп жатыр. 

    – Мердігер компания құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Жалпы құрылыс көлемі 950 метрге жетіп отыр. Көпірдің ені 21,5 метр. Жол өткелінің жүк көтерімділігі өте жоғары. Яғни қала ішіндегі жүк көліктерінің кез-келгені бұл жолмен өте алады. Жүру қозғалысы екі бағытта екі қатарда жүзеге асады. Құрылысты авторлық қадағалаушы - Dam En Partners ЖШС. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылады. Яғни биыл басталып, келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл жоба биылғы жылғы ең ауқымды жоба болып саналады,–дейді Айбек Жапарқұлов.

Айта кетейік, көпір салу жобасында жедел саты мен баспалдақтар орнату, аумағын абаттандыру жұмыстары қарастырылған.

 

Бекмолда Арнат 

3 курс студенті

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар