Жамбыл жаңалықтар

Таразда теміржол үстінен өтетін көпір құрылысы келесі жылы аяқталады

Құрылыс жобасының жалпы құны 16 миллиард 546 миллион теңгені құрайды

Көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру мен көлік жолдарындағы жүктемені азайту мақсатында Абай даңғылының бойындағы темір жол үсті арқылы өтетін жол өткелінің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жол үстіндегі жүктеме жаяу жүргіншінің де, көлік жүргізушілерінің де көптен бері қаузап жүрген мәселесі. Былтыр шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков көпір салу мәселесі қаралып, жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік ұсыным ұсынылғанын айтқан. Биыл аталған жобаның іргетасы қаланып, құрылыс аймағындағы жеке тұрғын үйлер мен кәсіпорын иелерімен келіссөз жасалып, сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы Айбек Жапарқұловтың айтуынша, жоспар бойынша 56 нысанды сүру көзделіп, оның ішінде 43 меншік иесі келісім берген. Ал 13 үй иесімен келіссіз жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, көпір салу жобасында жедел саты мен баспалдақтар орнату, аумағын абаттандыру жұмыстары қарастырылған.

 

Бекмолда Арнат 

3 курс студенті